$ 498.34  519.72  4.85

ДДҰ коронавирусты емдейтін тағы бір препаратты мақұлдады

Бұл – COVID-19-бен күресу үшін ұйым мақұлдаған алтыншы препарат.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) моноклональді антиденелерге жататын тоцилизумабты коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттар тізіміне енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ-ның Жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.

Бұл – COVID-19-бен күресу үшін ұйым мақұлдаған алтыншы препарат.

Препараттардың үшеуін Roche компаниясы өндіреді. ДДСҰ фармацевтикалық компаниялар тарапынан қызығушылық артып, бәсекелестіктің арқасында баға төмендейді деп үміттенеді. COVID-19-дың ауыр немесе аса ауыр формасымен ауыратын науқастардың иммундық жүйесінің реакциясы шектен тыс болады. Мұндай реакцияны интерлейкин-6 ингибитор-препараттары, оның ішінде тоцилизумаб басады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус