$ 494.87  520.65  4.91

Путиннің арнайы өкілі қызметінен кетті

Bloomberg басылымы екі ақпарат көзіне сілтеме жасап, Чубайс "Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға соғыс ашқанымен келіспейтінін айтып өз еркімен отставкаға шығып, елден кетті" деп жазды.

Ресей президентінің тұрақты даму жөніндегі арнайы өкілі Анатолий Чубайс өз еркімен қызметінен кетті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап. Бірқатар БАҚ оның Ресейден кеткенін мәлімдеді.

Bloomberg басылымы екі ақпарат көзіне сілтеме жасап, Чубайс "Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға соғыс ашқанымен келіспейтінін айтып өз еркімен отставкаға шығып, елден кетті" деп жазды.

"Иә. Чубайс өз еркімен отставкаға кетті. Кету, кетпей бұл оның жеке ісі", - деп түсіндірді Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Bloomberg басылымы 66 жастағы Чубайсты Путин үкіметіндегі Батыс шенеуніктерімен тығыз байланыста болған 1990 жылдардағы санаулы экономикалық реформаторлардың бірі деп атады. Чубайс тұрақты даму жөніндегі елші етіп тағайындалғанға дейін ірі мемлекеттік компанияларда басшылық қызметтерді атқарған.

Бұған дейін журналист және тележүргізуші Владимир Познер Бірінші арнада Анатолий Чубайспен болған сұхбатты есіне алды. Журналист Чубайстың ресейліктердің оған деген жеккөрушілігі туралы сұрақ қойған кездегі ерекше әрекетін есте сақтап қалғанын айтады.

"Бұл мәселе оны қатты толғандырады. Осы сұрақты қойғанда бет әлпетінің, дауыс ырғағының және түрінің бұзылып кеткенін есіме түсірдім", - деді тележүргізуші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары