$ 494.87  520.65  4.91

Негізсіз жекешелендірілген нысандар мемлекет меншігіне қайтарылады

Комиссия жұмысы шеңберінде телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиа активтер және басқа салалардағы негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралады.

Қазақстанда экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылды. Бұл туралы Үкімет хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, комиссия құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қаржы мониторингі, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерінің бірінші басшылары, Үкімет мүшелері, бас прокуратураның және "Самұрық-Қазына" АҚ өкілдері кірді.

"Комиссияның міндеті – монополиясыздандыру бойынша ұсынымдар әзірлеу. Атап айтқанда, комиссия жұмысы шеңберінде телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиа активтер және басқа салалардағы негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралады", - делінген хабарламада.

Бүгін комиссияның алғашқы отырысы өтті, онда ҚР қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев және т.б. баяндама жасады.

Алғашқы отырыс қорытындысы бойынша, Әлихан Смайылов Қаржы министрлігіне уәкілетті мемлекеттік органдармен және "Самұрық-Қазына" АҚ-пен бірлесіп, бір апта ішінде Үкіметке негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру тетіктері бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары