$ 443.37  474.49  4.83

Президент Жарлығымен паралимпиадашылар «Құрмет» орденімен наградталды

Бейжің қаласындағы  XIII Қысқы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін Герлиц Александр Александрович, Жданович Антон Владимирович, Коломиец Василий Сергеевич «Құрмет» орденімен наградталды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейжің қаласындағы  XIII Қысқы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін Герлиц Александр Александрович, Жданович Антон Владимирович, Коломиец Василий Сергеевич «Құрмет» орденімен наградталды. Назарларыңызға Ақорда сайтында жарияланған Жарлық мәтінін ұсынамыз.
 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Бейжің қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) XIII Қысқы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін наградталсын:

 

«Құрмет» орденімен

Герлиц Александр Александрович 

–   

«Қазақстан Республикасының  Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ спортшыcы

Жданович Антон Владимирович

«Қазақстан Республикасының  Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ аға жаттықтырушысы

Коломиец Василий Сергеевич

«Қазақстан Республикасының  Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ бас жаттықтырушысы.

 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

             Президенті                                                                                   Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 24 наурыз

                          № 844

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары