Жақын күндері Кремльден бір үлкен саяси талап түсері анық немесе санкцияны Батыстан күтіп едік, Одақтасымыз опасыздық жасады!
Себебі сол, Ресейде болған дауылдың әсерінен КТК құбыры бұзылыпты-мыс. Нәтижесінде Қазақстан мұнайының Еуропа елдеріне аталған құбыр арқылы сатылуы - толығымен тоқтатылды!
Ал жөндеу жұмыстарын Ресейліктер "кемінде бір жарым, болмаса екі айға дейін созылуы мүмкін" дейді.
Былайша айтқанда "тәртібіңе қараймыз" дегенді емеурінмен жеткізіп отыр.
Біздің ең жанды жерімізден осылайша Кремль кенеттен "шыңғыртып" ұстады. Жаманмен жолдас болсаң айдалада атыңды алар дей ме?
Алдағы аптада ол жақтан хабар болмаса, онда Ақордадан ары кетсе арғы аптада жедел уәкіл жібертілуі мүмкін. Бәлкім Президенттің өзі де ұшар.
Егерде КТК тоқтаса жағдайымыз қатты нашарлай түсетіні айдан анық.
Ал Біз - 80 пайыз мұнайымыз сатылып отырған құбырдың тоқтатылуы әсерін бір-екі айдың ішінде-ақ сезінеміз.
Бюджеттің қарнын қампайтып отырған да осы КТК еді. КТК ны алмастыратын өзгеше бағыт бізде жоқ. Ішінара Ақтау порты арқылы, Қытай арқылы қыспақтан құтылудың жолдарын іздегенімізбен жағдайымыз геометриялық жылдамдықпен нашарлай түспек.
Алдыменен, 5-10 күннің ішінде, әр -түрлі деңгейдегі бюджеттен қаражаттандырылып келген әлеуметтік маңызы бар құрылыстар - мектептер, жол жөндеу, көпірлер секілді құрылымдық қаржыландырулар жағдай түзелмейінше тоқтатылады.
Екіншіден, бір айдың ішінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы бюджеттен салынып жатқан тұрғын үйлер құрылыстары тоқтайды.
Үшіншіден мемлекттік берілетін және беріліп жатқан субсидиялар қайта қараластырылады. Бұл Банктерден алып отырған несиесінің бір бөлігін субсидиямен жауып отырған әр түрлі өндірістік және сауда кәсіпорындарын қаржылық дағдарысқа ұшыратады. Осылайша айналдырған екі айда нарыққа жүздеген мың жаңа жұмыссыздар қосылады.
Төртіншіден, егер де жоғарыдағы айтылған шаралар бюджеттік ауыртпашылықты азайтпаса, онда кезек бюджеттік жалақы мәселесіне де ауысады. Тіпті әскерилерді де айналып кетпес. Мерзімі - алдыңғы шаралардың қаншалықты бюджетті сақтап қалуына байланысты.
Аталған мәселелерді мен мемлекеттік сыртқы қарызды қайтаруды ескере отырып жазып отырмын.
Ал жоғарыдағы айтылған ахуалдарды тұрақтандыруға арналған Ұлттық қордың тиыш күннің өзінде - ақ қай жерде жинақталғанын ешкім білмейтін. Егер де шетелдік активтерде болса және де жинақталған Ұлттық қорды пайдалануымызға қандайда бір ресми, бәлкім би ресми шектеулер бола қалса - жағдай тіпті ушығып кететіні мәлім.
Одақтастан осыны күтпеген едік. Енді Кремль не десе соны істейміз. Егер де Украйнаға әскер жібер десе амалсыздан оны да жүзеге асырамыз. "Слава Украйна" деп қақсағандарды жіпке тізіп алдыңғы фронтқа айдамасына кім кепіл. Әлде Ресейдің кешегі қаңтардағы әскери "көмегін" еске салғаны ма бізге?
Тарих дөңгелегі қайталанады әрқашан. Кешегі күндері, бірінші дүниежүзілік соғысқа қатыспаймыз деп қарсы тұрған аталарымыз Ұзақ пен Жәмеңкенің, одан бұрынғы Кенесарының көтерілістерін Кеңес үкіметі әлсін - әлсін есіне алып, әлде бір нәрсе есіне түссе ұра салатын күйеуіміз секілді күйді кешіргенін ұмытқан емеспіз.
Әуелі кәмпескелеп, артынан қолдан ашаршылық жасап, сосын 37 де атып салмап па еді? Сондықтан да осындағы жамағатқа айтарым - ойы бұзық орысты ызаландырмай, өз қотырымызды өзіміз жәймендеп қасуға тырысқанымыз жөн ау, кешегі Ер Абылайдың салған саясатының ізімен!
Қаржы сарапшысы Мұрат Оспанұлының facebook парақшасынан