$ 446.49  475.38  4.79

Министр Ұлттық қорда қанша қаражат барын ашып айтты

Оның айтуынша, Ұлттық қорға мұнайдың жоғары бағасы мен доллардың жоғары бағамы есебінен қосымша қаржы күтілуде.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкіметтің Ұлттық қордан трансфертті неге 1,6 триллион теңгеге ұлғайтуды жоспарлап отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды orda.kz сайты.

– Біз мемлекет басшысының қаңтар айының басында берген тапсырмаларын іске асыруға, сондай-ақ түрлі бағдарламалық құжаттарға ақша аламыз. Ұлттық қор, оның ішінде контрциклдық бюджет саясатын жүргізу кезінде құрал болып табылады. Ұлттық қордың бірнеше функциялары бар: жинақ, тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы тұру. Бұл қалыпты процесс. Контрциклді бюджеттік саясаттың бір бөлігі, – деді Қуантыров.

Оның айтуынша, Ұлттық қорға мұнайдың жоғары бағасы мен доллардың жоғары бағамы есебінен қосымша қаржы күтілуде.

– Қазір Ұлттық қорда 55-56 миллиард доллар бар, – деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ұлттық қор