12.04.2022, 12:40

«Бұлар тек Қазақстанда ғана Тигр, ал басқа елде мысық компаниялар»: маман Астананы салған құрылыс фирмаларының былығын ашты

Жаңа Қазақстанда осындай бардак болмайтын шығар деп ойлаймын.

Бүкіл Астананың мемлекеттік үлкен объекттерін 2 ақ фирма соққан еді. Біреуі Албандардың Mabetex, екіншісі түріктердің Сембол деген фирмалары. Стадион, театр, трамплин не бар бәрін осы екеуі ғана соқты. Бұлар әлемдік дәрежедегі фирмалар емес. Түркияға барып Сембол десең ешкім білмейді. Бұлар тек Қазақстанда ғана Тигр. Басқа елде мысық компаниялар ғой.

Негізі түріктерде Enka, Renessans деген мықты құрылыс фирмалары бар. Бізден обьект ала алмайды. Швейцариялық Албандар жайлы ештеңе айтпай ақ қояйын. Стадион соқсаң ол мемлекеттің ақшасы.

Бүкіл әлемге тендер жариялау керек. Мүмкін біздің жемқор фирмалардан 2 есе арзанға соғатыны да бар шығар. Неге тек осылар ғана соқты түсінбеймін. Бағалары деген ужас қымбат еді. Бір ғана театрды 320 миллион долларға соқты. Соны кезінде парламентте де, басқа жерде де көтермеді. Бәрі қарындарының тойғанына ғана мәз болды.

Бұларды тексеретін есеп комитеті дегенді айтпай ақ қояйын. Жаңа Қазақстанда осындай бардак болмайтын шығар деп ойлаймын.

Қаржы сарапшысы Сәбит Рысбаевтың Facebook парақшасынан