Желіде Алматыда өтетін Ресей әзілкештерінің концерті туралы жалған хабарландырулар тараған. Онда әртістердің саяси астарда өнер көрсететіндері астарланған. Бұл ақпаратты ұйымдастырушылар жоққа шығарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде Алматыда әзілкеш Ольга Кортункова, Денис Дорохов, Давид Цаллаев және басқалардың қатысуымен "Ресей үшін!” деп аталатын музыкалық-патриоттық марафонның өтуі туралы ақпараттың жалған екені анықталды. Постер жарияланған күн шындыққа сәйкес келмейді.
“Ресми плакат пен концерттік бағдарламада ешқандай саяси астар жоқ екенін атап өтеміз”, – делінген хабарламада.
Концерттік залды жалға алу және "Бір кездері Ресейде" сатиралық шоуын өткізу үшін ұйымдастырушымен келісімшарт 2021 жылдың 8 желтоқсанында жасалғаны атап өтілді.
"Бұған дейін гастрольдік сапарға сәйкес концерттік бағдарлама қаңтар айына жоспарланған және екі рет 2022 жылдың мамыр айына шегерілген. Бүгінде топ Қазақстанның 8 қаласында, соның ішінде Қарағанды, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Өскеменде өнер көрсетті.
"Бір кездері Ресейде" коммерциялық жобасы 2014 жылдың 28 қыркүйегінен бері жұмыс істеп келеді. Ол таза ойын-сауықтық жоба болып табылады. Қазақстандағы бағдарламаның форматы да тек қана комедиялық болып қала береді. Мұны https://almaty-ayenderi.kz ресми сайтында жарияланған ақпарат толық дәлелдейді.
Осыған орай Magnum компаниясының PR менеджері Дмитрий Шишкин өзінің фэйсбук парақшасында пікір білдірді.
“Бір топ журналистер мен БАҚ редакторлары Мұсағалиевтің жалған постерін қайта жариялады. Ешкім ақпаратты тексеріп, ұйымдастырушыларға телефон соғуға тырыспады, Мұсағалиевке хат жазбады. Сосын оның фейк екені белгілі болғанда ешкім кешірім де сұрамады. Олардың жай репосттарын өшіріп тастағандары аз”,- деді Шишкин.
Ол адамдардың PR саласында жұмыс істеуді қиын емес деп ойлайтынына таңқалатынын жеткізді. Және осындай жағдайларда өзінің күнделікті БАҚ атын жамылған жалған ақпарат таратушылармен күресуіне тура келетінін айтты.
“Өте жағымсыз! Айтпақшы әзілқойлар көлеңкеде отырып-ақ, ескі гонорарды жеп алар еді. Оларға Ресейде көңіл көтеруге тыйым салынғанымен тынышталар емес. Керісінше Ресей мен Украинадағыдай "қызық" емес елдерге шығып жүр”,- деп жеткізді жазбасында Дмитрий.