$ 494.87  520.65  4.91

Биыл «Жаужүрек полк» акциясы онлайн форматта өтеді

Биыл сонымен қатар Жеңіс күніне орай елордада отшашу болмайды.

Елордада соғысқа қатысқандарды еске алу үшін онлайн форматта "Жаужүрек полк" акциясы өтеді. 

Нұр-Сұлтан әкімдігінің ақпаратынша, акция "Жаужүрек полк" бірыңғай ақпарат платформасында, әлеуметтік желідегі парақшаларда өткізіледі.

Мұнда акцияға қатысушылар туралы бірыңғай деректер, сондай-ақ қазақстандық қатысушылар мен соғыс ардагерлері туралы мұрағаттағы ақпарат пен тарихи анықтамалар жүктеледі. Платформада өз туысы туралы ақпарат пен дерек қалдыруға болады. Ол ақпарат келер жылдары да пайдаланылады, - деп хабарлады қала әкімдігі.

Айта кетері, биыл Жеңіс күніне орай елордада отшашу болмайды. Ал қалада "Жеңіс лентасы"/"Ленточка Победы" логотипімен Ұлы Отан соғысына қатысқандардың фотосы ілінеді.

Бұған дейін Қазақстанның қорғаныс министрлігі биыл қаржыны үнемдеу мақсатында Қарулы күштерінің 30 жылдығы және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери шеру өткізілмейтінін хабарлады.

BAQ.KZ

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары