$ 494.87  520.65  4.91

Рим Папасы елімізді Азиядағы сенімді серіктес деп таныды

Рим Папасы Франциск Қазақстанның конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогқа қосқан үлесін атап өтті.

Бүгін Ватиканға ресми сапармен келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Рим Папасы Францисктің жеке қабылдауында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Рим Папасы Франциск Қазақстанның конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогқа қосқан үлесін атап өтті. 

Апостол сарайының Папа кітапханасында өткен келіссөздер барысында Понтифик Қазақстан Ватиканның Орталық Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтті.

Рим-Католик шіркеуінің басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа Қазақстанды" құру және Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша алдағы жалпыұлттық референдум өткізу аясындағы саяси және экономикалық реформаларына жоғары баға берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары