Саясат 03.06.2022 сағат 16:20

Президент: «Азаматтарды ел тағдырын айқындайтын тарихи таңдау жасауға шақырамын»

Бұл референдумда әр азаматтың дауысы маңызды.
Президент: «Азаматтарды ел тағдырын айқындайтын тарихи таңдау жасауға шақырамын»
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әрбір азамат тұтас ұлттың тағдырына, яғни тікелей өз тағдырына оң ықпал ете алады. Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні өтетін референдумға байланысты Қазақстан халқына бейнеүндеуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы референдум мемлекетімізді нығайтуға және қоғамды тың серпінмен дамытуға жол ашады. Мен әрбір азаматымызды ел тағдырын айқындайтын тарихи таңдау жасауға шақырамын. Бұл референдумда әр азаматтың дауысы маңызды. Әрбір азамат тұтас ұлттың тағдырына, яғни тікелей өз тағдырына оң ықпал ете алады. Ендеше, 5 маусым күні өз таңдауымызды жасайық! Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге құрайық» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін түн ортасында референдумға қатысты үгіт-насихат аяқталады. Референдумда 11 мыңнан астам қазақстандық шет мемлекеттерде дауыс береді.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар