$ 444.32  473.33  4.76

Нұрсұлтан Назарбаев дүниеге келген ауылдың тұрғындары он жылдан бері ауыз суға жарымай отыр

10 жыл уақыт ішінде мәселесі шешілмеген Шамалған тұрғындары суды тау өзенінен тасып алады екен.

Шамалған тұрғындары ауыз суға зәру. Ауыл әкімінің айтуынша мемлекеттік сатып алу жүргізілсе, су мәселесі шешіледі, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. 

Алматы облысына қарасты жүз шақты жеке тұрғын үй орналасқан Шамалған ауылында бірқатар мәселе бар екенін хабарлады. Соның бірі – ауыз су. 10 жыл уақыт ішінде мәселесі шешілмеген ауыл тұрғындары суды тау өзенінен тасып алады екен.

Әкімдік өкілінің сөзінше, су тарту үшін сметалық құжат дайын, жер рәсімделген, 30 миллионға жуық қаражат та бөлінген. Ендігі мәселе – мердігер табылмауы ғана.

«Мемлекеттік сатып алу жүргізілсе, бірден су мәселесін шешемін. Шамалған ауылдық округінің суы 2024 жылы шешіледі. Ал енді бұл көше тұрғындарының суы биыл шешіледі деп отырмыз, бұйырса. Жыл аяғына дейін немесе келесі жылға дейін реттеледі», – деді Шамалған ауылдық округінің әкімі Ержас Тоқтасынов.

Тұрғындардың айтуынша, әкімдік тарапынан жол салып, су құбырын жөндеуге уәде берілген.

«Өткенде мектепте де, мәдениет үйінде де жиналыс болды. Сол кезде де әкімшілік жол жасап береміз, суды да жөндеп береміз деді. Уәде бере береді», – деді Шамалған ауылының тұрғыны Марат Ташилов.

Ауыл тұрғындарына жаңбыр да кері әсер етеді. Өйткені жол батпаққа айналып, ондай күндерде су таси алмай қалады. Шамалған ауылында шамамен 120 көше бар, қазіргі таңда оның 35-іне ғана тасжол төселген.

«Тасжол төсеп береміз деп нақты жауап бере алмаймын. Уәде де бере алмаймын. Ал тас төгіп, тегістеп береміз», – деді Шамалған ауылдық округінің әкімі Ержас Тоқтасынов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары