$ 444.32  473.33  4.76

Кәсіпкерлер шетелден әкелген көліктерін тіркете алмай жүргенін айтып шағымданып жатыр

Мамырдың ортасынан бері шетелден әкелінген осы көліктерді утильалым нақтыланбағандықтан, тіркеуге қоя алмай жатырмыз.

Мамырдың ортасынан бері шетелден әкелінген көліктер тіркеуге қойылмай жатыр, өйткені кәдеге жарату төлемі әл күнге дейін белгіленбеген,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

 Dala-Trans  компаниясының басшысы Болатбек Әлиевтің айтуынша, бір қуантарлығы шетелден әкелінген көліктердің бір бөлігі Шымкентке жеткен. 

“Әзірге мамырдың ортасынан бері шетелден әкелінген осы көліктерді утильалым нақтыланбағандықтан, тіркеуге қоя алмай жатырмыз. Экология министрлігіне қарасты «Жасыл Даму» компаниясы мен Экология министрлігі министрдің қол қойған бұйрығын әртүрлі “түсінеді”. Біріншіден, сатып алынған ауыр жүк көліктерін тасылдау желісінде пайдалану үшін тіркеуге қоя алмағандықтан, жұмыс істей алмай отырмыз.  Несие төлеп, оны ақтауымыз керек қой. Табыс тек бірнеше жылдан соң түседі.

Зардап шегіп отырған тек біз ғана емес, көлікті сатып алатын Қазақстандағы халықаралық тасымалдаушыларда да жағдай осындай .

Ең бастысы көлік тұра бергені үшін ешкім бізге несиемізді төлеп, шығынымызды толтырып беріп жатқан жоқ. Ешкім де жауапқа тартылып та жатқан жоқ. 

Мәселенің себебі мемлекеттік органдар жұмысының тиімсіздігі. Құрметті шенеуніктер, пайда әкелудің орнына, зияны көп жағдай осындай. Шындық осы. Бізде инвестициялық климат тартымды деп айтпаңыздаршы, өйткені өз елімізде “қолданатын құжатты”  әзірлей алмай жатырсыздар”, – деп күйінеді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көлік #тіркеу