$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда қала әкімінің отставкасын талап еткен митингінің соңы қайғылы жағдаймен аяқталды

Бір адам қаза тапты.

Алматыда ер адам қаланың тығыздалған құрылысына қарсы наразылық акциясына шығамын деп адам өлтіріп қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, 11 маусымда бір топ азамат Гагарин көшесінің көлік жүретін бөлігін жауып тастаған.

“Жолды жауып, көлік қозғалысына кедергі келтірдіңдер” деген 48 жастағы К. есімді автокөліктердің бірінің жүргізушісі рұқсат етілмеген акцияға қатысушылардың бірі 1980 жылы туған М. есімді азаматпен қақтығысып қалған. Ақырында М. оған дене жарақатын салып, жәбірленуші кейіннен қайтыс болды”, – делінген хабарламада.

М. есімді азаматтың іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі "абайсызда өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қаралып жатыр. 

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Күдікті 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары