$ 494.87  520.65  4.91

«Бекболат Тілеухан біздің ағамыз, бірақ салафизмге еш қатысым жоқ» - Саясат Нұрбек

Кішкентей кезімнен бастап дінге, иманға жақын адаммын. Бірақ ешқандай радикалды ағымдар - секталарға, салафизме қатысым жоқ.

Бүгін Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі ретінде алғаш рет Үкімет отырысына қатысып, ант берді.

Үкімет отырысынан кейін ол журналистердің алдына шығып, жұрттың көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап берді. Соның бірі Саясат Нұрбектің діни көзқарасына қатысты болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мен мұсылманмын, Құдайға шүкір. Салафизмге еш қатысым жоқ. Білесіздер, атам мен әжемнің қолында өстім. Атам Нұрбек Семей қаласында кісі имам, молда болды. Тыныбай мешіті деген бар. Сондықтан кішкентей кезімнен бастап мен дінге, иманға жақын адаммын. Бірақ ешқандай радикалды ағымдар - секталарға, салафизме қатысым жоқ. Оны ашық айту керек», - деді Саясат Нұрбек.

Сонымен қатар ол бұрынғы Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухановпен бірге түскен фотосы мен Кипрде тұратын отбасына қатысты да пікір білдірген.

«Бекболат ағамызбен жастарымыз да фотоға түскен шығар. Олардың барлығын салафит деп айтуға болмайды. Бекболат - біздің ағамыз, ақын, өнер адамы. Оны өнері мен ақындығы үшін құрметтеймін, қадірлеймін», - деп атап өткен Саясат Нұрбек отбасының 26 маусымда Қазақстанға қайтатынын әрі оларды асыға күтіп жүргенін жеткізген.

Олардың шетелде оқуының өз себептері бар. Біріншісі менің жұбайым мен балаларымның медициналық жай-күйі. Медициналық нақты қорытындысы бар. Екіншіден, оларды қаржылық тұрғыда осында оларды оқыта алмадым. Үшіншіден, ол – ол өте жақсы британдық мектеп. 26 маусымда олар Қазақстанға қайтады. Оларды асыға күтіп отырмын»,  деді министр Үкімет отырысының кулуарында.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары