$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеді

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-сәуірде халықтың табиғи өсімі 2021 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда (88 мың адам) 9,8% кем болған.

2021 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда Қазақстанда халық саны 236,9 мың адамға өсті. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2022 жылғы 1 мамырға еліміздегі халық саны 19 199,8 мың адам болды. Оның ішінде қалалықтар – 11 442,9 мың (59,6%), ауылдықтар – 7 756,9 мың адам (40,4%). 2021 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда, халық саны 236,9 мың адамға немесе 1,2% көбейді», – делінген хабарламада.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-сәуірде халықтың табиғи өсімі 2021 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда (88 мың адам) 9,8% кеміп, 79,3 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 12,54 адамға жетті.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-сәуірде туғандар саны 127 мың адам болды. Бұл 2021 жылғы қаңтар-сәуірге (137,4 мың адам) қарағанда 7,6% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,08 туғандардан келеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары