$ 444.22  476.38  4.82

«Қант жоқ!»: Бақыт Сұлтанов көрші мемлекеттерге алақан жаюға мәжбүр болып отырғанын мойындады

Басқа елдерден қант сұрап жатырмыз.

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елімізде қанттың 350 мың тонна қоры бар екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

"Қазір елімізде қанттың 350 мың тонна қоры бар. Басқа елдерден қант сұрап жатырмыз. Әлемде негізгі жеткізушілердің бірі - Бразилия, Үндістан және Вьетнам. Бірақ Үндістан да оның көлемі шектеулі, сондықтан біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз", - деді ведомство басшысы. 

Оның айтуынша, министрлік қордағы 350 мың тоннадан бөлек тағы 100 мың тонна қант сұратқан. 

“Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі келіссөздер жүргізіп, индикативті теңгерімдерді сәйкестендіріп, өзіндік есептеулер жүргізіп жатыр. Бұл мәселеге кейін қайта ораламыз", – деді  Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысынан кейін журналистерге. 

Бұған дейін Бақыт Сұлтанов қанттың алдағы уақытта қымбаттайтынын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қант