$ 448.15  483.46  4.86

«Су - қателікті кешірмейді»: Премьер-министр тапсырма берді

Жауапты органдар бейбіт күнде азаматтарымыздың өзен-суға батып жатқанына қарап отырмауы керек.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанның су қоймаларында өлім-жітімнің көбеюіне алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

"Тағы бір маңызды мәселе - суға түсу, шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары. Жауапты органдар бейбіт күнде азаматтарымыздың өзен-суға батып жатқанына қарап отырмауы керек. Қазір шомылу маусымының қызған шағы. 1 маусымнан бері елімізде 140 адам суға кеткен, оның 49-ы балалар", - деді премьер-министр.

Былтырғымен салыстырғанда адамдардың суға батуы 42 пайызға қысқарған.

"Сонда да бұл көрсеткіш өте жоғары деп санаймын. Су - қателікті кешірмейді. Ел азаматтары балалар қауіпсіздігіне сақ болуы қажет. Біз қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін барлық шараны қабылдауымыз керек. Төтенше жағдайлар, Экология министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, онда құтқарушылардың болуын бақылауды тапсырамын. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізіп, суға түсуге болмайтын жерлерді анық белгілеу қажет", - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары