$ 494.87  520.65  4.91

Дмитрий Медведев әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанды «жасанды мемлекет» деп атады

Дмитрий Медведев мұны ВК желісіндегі парақшасында жазған.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Бұрын Ресей президенті қызметін атқарған, қазір Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің ВК желісіндегі парақшасында арандатушылық пост жарияланды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Постта Қазақстан "жасанды мемлекет" деп жазылған, сондай-ақ, "Солтүстік және Оңтүстік Осетия, Абхазия және Грузияның қазіргі аумағы тек Ресеймен біртұтас мемлекет ретінде біріктірілуі мүмкін" деген сөздер бар.

Медведевтің постында: "КСРО қатарында болған қуатты халықтардың барлығы қайтадан бірге бейбітшілікте және түсінікте болады. Киев пен КішіРесейдің барлығы аймағы босатылғаннан кейін біз мың жыл бұрынғыдай қайтадан мықты әрі қуатты ел боламыз", - деп жазулы.

"Осыдан кейін, Мәскеудің басқаруы арқылы барлық славян халқы бірігіп, Отанымыздың шекарасын қалпына келтіруге келесі қадамға барамыз, біздің шекарамыз ешқашан аяқталмайды", - деп жазылған Медведевтің постында.

Кейін бұл жазбаны Ресейдің бұрынғы президенті өшіріп тастаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары