Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды.
Сұлтановтың орнына Серік Жұманғарин министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды.
«Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалсын», делінген Президент жарлығында.
Серік Жұманғарин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.