АП идеологтарының әзірлеуімен құрылатын партиялардың жетекшілері:
Назарбаевтың 30 жылғы сайраған “бұлбұлы” , қазақ тілін әлі күнге үйренбей жүрген орыстілді қазақ Ермұхан Ертісбаев.
Жасы сексеннен асқан, орыстілді жазушы Олжас Сүлейменов.
Шоумен, блогер орыстілді Бейбіт Әлібеков.
Рақымжан Ошақбаев, экономист ретінде құрмет тұтамын, сыйлаймын. Бірақ Рекең де орыстілді. Қасындағы депутат Айқын Қоңыров та орыстілді.
Елде партия құру ісі Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринның жауапкершілігінде екенін білеміз. Ендеше, неге орыстілділерге симпатиясы басым Қаринның?
Күзге дейін күллі қазақ қоғамы асыға күткен “көзайым”партияларың осы ма?
Қайда басқа партиялар?
Қайда ұлттың сөзін сөйлеп жүрген партиялар?
Бұл мазағы ма, азабы ма?
Қоғам белсендісі Дина Елгезектің facebook парақшасынан