Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні жұмыс сапарымен Қостанай облысына барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
«Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады. Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады», - делінген хабарламада.