$ 498.34  519.72  4.85

«Президент бастаған реформаларды бірігіп жүзеге асырайық» - айтыскер ақын

Халық Мемлекет басшысының өзі бастаған өзгерістерді аяғына дейін жеткізуін қалап отыр.

Ең қиын кезеңдерде Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым халықпен бірге түйткілді мәселелердің шешу жолдарын таба білді. Бұған Арыс, Мақтаарал, Қаңтар оқиғасы, Қостанай оқиғалары анық мысал бола алады.

Жуырда Президент Түркістан өңіріне арнайы сапармен келді. Түркістанда сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы: «Біз мемлекеттігімізді сақтап, өсіп-өркендеуіміз үшін ел бірлігі ауадай қажет. Ал бірлік – бейбітшіліктің, тыныштық пен тұрақтылықтың кепілі. Осы орайда, қазіргі халықаралық ахуал жөнінде айта кеткім келеді. Өздеріңіз білесіздер, әлемдегі жағдай әбден шиеленісіп кетті» деген еді. Жердің бүтіндігі мен елдің амандығы – маңызды.

Сол себепті де, Президентіміз айтқандай, «арандатушылардың жетегінде кетпеуіміз керек». Бізге керегі – бірлік, парасат және төзім. Мемлекеттердің территориялық тұтастығын сақтап қалу үшін Президент еңбек етіп жатыр.

Қарапайым халық зәбір көріп, жапа шекпеуі үшін тірлік еткен жөн. Елдің қауіпсіздігін ойлаған дұрыс. Шекара бүтін, сырттан шабуыл жасалмаса, төрт құбыламыз түгел болады. Мемлекет басшысы Түркістанда сөйлеген сөзінде: «Біз үшін ең маңыздысы – мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен халықтың әл-ауқаты» деген еді. Осыған қатты мән беруіміз керек. Ел аманатына адал болсақ, біз үшін маңыздысы – осы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс сайлау өткізіп, Президенттік мандатты 7 жылдық бір мерзімге шектеу туралы ұсынысы елдің көңілінен шықты. Халық Мемлекет басшысының өзі бастаған өзгерістерді аяғына дейін жеткізуін қалап отыр. Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстардың нағыз иесі халық екені тайға таңба басқандай белгіленді.

Біз еліміздің жарқын болашағы үшін аса маңызды саяси науқанды өткізгелі отырмыз. Олай болса, Қасым-Жомарт Кемелұлы бастаған реформаларды бірігіп жүзеге асыруға ат салысайық!

Бекарыс Шойбеков, айтыскер ақын

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тоқаев