$ 498.34  519.72  4.85

Стамбұлда адам мүшесін заңсыз сатты деген күдікпен қазақстандық дәрігер ұсталды

Оған «Қазақстан республикасындағы ең үздік балалар дәрігері» деген атақ берген.

Қазақстандық балалар тіс дәрігерін Стамбұл қаласында адам мүшесін заңсыз сатумен айналысты деген күдікпен тұтқынға алды деп хабарлады turkystan.kz.

Лариса Ожерельеваның жақындары инстаграм арқылы арнайы парақша ашып, болған оқиғаның мән-жайын жазған.

Белгілі болғандай Лариса Владимировна алты жылдан бері бүйрек ауруымен аурады. Дәрігерлердің айтуынша, оның емделіп кетуіне жалғыз жол – бүйрек алмастыру.

Ожерельеваның әпкесі оның жағдайы соңғы кездері күрт нашарлап кеткенін айтады. Сол себепті олар отбасымен түрік мамандарына жүгінуге әрекет еткен. Себебі Түркия соңғы уақытта адам мүшесін ауыстыру операцияларын өте сәтті жасап жатқан елдердің бірі.

«Дертімен күресіп жүрген сіңлім 2022 жылдың 20 қыркүйегінде дене мүшесін ауыстыруға қатысты ақпарат алу үшін Стамбұл қаласына барған. Ларисаға өте жақсы күтім керек. Оның жеке өзіне жүріп-тұру қиын болғандықтан күйеуі Сергей Ожерельев бірге барған.

2022 жылдың 24 қыркүйегінде бізге Стамбұл полициясы оларды заңсыз адам мүшесін сатумен айналысты деген күдікпен тұтқынға алынғанын айтты. күйеуі Сергейді ешқайда шықпау туралы шартты қолхатпен босатқан, ал Ларисаны мүгедектігіне қарамастан қамауға шешім қабылдаған», – дейді әпкесі.

«Лариса ешқандай қылмыскер емес, ол 20 жылдан бері денсаулық саласында қызмет етіп келеді және оның өмір сүргісі келеді, өзінің аз ғана ғұмырын балаларды емдеуге арнады. Тіпті оған «Қазақстан республикасындағы ең үздік балалар дәрігері» деген атақ берген. Оны әріптестері бағалайды және емделіп келгендер жақсы көреді. Дәл қазір ол ауру әйел, оның қашан өліп қалатынын ешкім білмейді, ал қазір қамауда қандай жағдайда жатқанын білмейміз», – деп алаңдаушылық білдірді әпкесі.

turkystan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары