27.10.2022, 10:20

Тоқаев Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельді қарсы алды

Сапар аясында Еуропалық Кеңес президентінің Орталық Азия мемлекеттері басшыларымен кездесуі, сондай-ақ бірқатар екіжақты келіссөз жоспарланған.

Қасым-Жомарт  Қазақстанға ресми сапармен келген Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельді «Ақорда» резиденциясында қарсы алды, делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше елордалық әуежайда мәртебелі мейманды еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

Сапар аясында Еуропалық Кеңес президентінің Орталық Азия мемлекеттері басшыларымен кездесуі, сондай-ақ бірқатар екіжақты келіссөздер жоспарланған.