$ 444.14  477.05  4.85

Ирандағы көтерілісшілер Ислам Республикасының негізін қалаған аятолланың үйін өртеді

Құқық қорғаушылардың есептеуі бойынша, қақтығыстар салдарынан кем дегенде 342 адам қаза тапты.

Ирандағы наразылық білдірушілер Ислам Республикасының негізін қалаушы аятолла Рухолла Хомейнидің үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды Stan.kz.

16-нан 17 қарашаға қараған түні Марказидің Батыс провинциясындағы Хомейнидің үйі өртенді.

Аятолла Хомейнидің балалық шағы сол үйде өткен. Кейінірек үй Хомейниді еске алу мұражайына айналды.

Ол кезінде Ирандағы шах режимін сынға алып, сол кездегі басшы Шах Мұхаммед Реза Пехлевиге қарсы шыққан діни қызметкер болды. Сол үшін қуғынға кетті. Бірақ 1979 жылы Франциядан Ислам революциясын басқаруға салтанатты түрде оралды.

Хомейни 1989 жылы қайтыс болды, бірақ оның мұрагері аятолла Али Хаменейдің билігі Иранда күшті.

Елдегі наразылықтар қыркүйек айының ортасынан бері жалғасуда. Ол хиджабын дұрыс кимегендіктен, ұсталып, кейін қаза тапқан Махсы Аминидің өлімінен басталды. 

Құқық қорғаушылардың есептеуі бойынша, қақтығыстар салдарынан кем дегенде 342 адам қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары