$ 443.44  480.51  4.88

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда дауыс берді

Президенттіктен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс берді.

 Президенттіктен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Кезектен тыс Президент сайлауында дауыс беру үшін Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру учаскесіне сағат 8.48-де келді.

Сайлау учаскесінің төрайымы Қымбат Мұқанованың айтуынша, аталған учаскеде 2627 адам тіркелген. Дәл қазіргі уақытта 200-ден астам сайлаушы дауыс беріп үлгерді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірнеше саяси партия мен республикалық қоғамдық бірлестік халықтық коалиция ретінде ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевті 12 қазанда үміткер ретінде тіркеді.

Қ. Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб өкілдері еліміздің барлық өңірлерін аралап шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары