Саясат 04.08.2014 сағат 11:00

Елбасы Қытай басшысына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың Юньнань провинциясындағы Чжаотун қаласында зілзала салдарынан көп адамның қаза болуына байланысты ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды skifnews.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеделхатта қайғылы жағдай туралы суық хабарды Қазақстан халқы зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтардың және жеке өз атынан С.Цзиньпинге, сондай-ақ қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас ауыр қайғыларына ортақтастығын білдірді.

«Қытай халқына басына түскен қасіретті көтеретін күш-қуат тілеймін. Қабылданып жатқан шаралар табиғи апаттың салдарын еңсеруге мүмкіндік береді деп сенемін», делінген жеделхатта.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар