$ 498.34  519.72  4.85

Түркия мен Сириядағы зілзала: құрбандар саны артып, тірі адамдарды табу мүмкіндігі азайып барады

Ресми өкілдер мен дәрігерлер мәліметінше, Түркияда 24 617 адам, Сирияда 3 574 адам қаза болған.
Фото: ADEM ALTAN
Фото: ADEM ALTAN

Түркия мен Сириядағы 7,8 балдық жер сілкінісінен кейін қаза тапқандар саны 28 191-ге жетті. БҰҰ құрбандар саны екі есе артуы мүмкін деп қауіптенеді6 - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Ресми өкілдер мен дәрігерлер мәліметінше, Түркияда 24 617 адам, Сирияда 3 574 адам қаза болған.

Бұл ретте, 11 ақпанда жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен Түркияның Кахраманмараш провинциясына келген БҰҰ бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Мартин Гриффитс қаза болғандар саны "екі есе, тіпті одан да көп болады" деген пікір білдірді. Гриффитстің айтуынша, бұл кезеңде қандай да бір баға беру қиын, өйткені дүмпу әсерінен қираған үйінділерді сұрыптау қажет.

Үйінді астынан тірі жанды табу мүмкіндігі уақыт өте азайып барады. Түрік билігі автотұрақтарда, стадиондар мен спорт залдарында уақытша мәйітханалар құрды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамынша, апаттан Түркия мен Сирияда 26 миллион адам зардап шегуі мүмкін.

"Экономикалық шығындарды бағалау қиын", өйткені жағдай өзгереді, бірақ олар 2 миллиард доллардан асып, 4 миллиард долларға жетуі мүмкін, деп жазды Fitch Ratings.

Сарапшылар пікірінше, жойқын жер сілкінісі Режеп Тайып Ердоғанның 14 мамырда Түркия президенті болып қайта сайлану жоспарын бұзу қаупі бар. Нәтиже оның әрекеттерінің жылдамдығына байланысты болады.

"Teneo халықаралық консалтингтік компаниясының сарапшысы Вольфанго Пикколи: "Төтенше жағдайға тиімді әрекет ету мемлекет басшысының және оның Әділет және даму партиясының ұстанымын нығайта отырып, ұлттық ынтымақ сезімін оята алады", - деді. "Егер жер сілкінісіне қарсы әрекет сәтті болмаса, Ердоған мамырда өтетін сайлауда жеңіліп қалуы мүмкін", - деп болжады ұлыбританиялық Foreign Policy Centre талдау орталығындағы Эмре Калискан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары