Түркияда зілзаладан зардап шеккен адамдардың біразын (мүмкіндігімізге, шамамызға қарай, 100 -1000 -10 000 адамды) 1-2-3-4 айға Қазақстанға әкеліп, уақытша тұрғызуға бола ма, болмай ма? Әрине, келгісі келсе...
Президент бастап, үкімет қостап, осылай істесе қалай қарайсыздар?
Басқыншы орыстарды да музыкамен, дәм-тұзбен құшақ жая қарсы алып, министрдің өзі алдарынан шығып, ИИН алу бойынша курс өтті ғой...
Мен бір бөлмемде 2-3 әйелді (немесе 2-3 балалы отбасын, немесе, 3-4 баланы) 2-3 ай тұрғызып, асырай алар едім...
Неге сөйтпеске?.. «Адамның күні – адаммен» деген қазақпыз... Мұндайда адамшылық артықтық етпейді... Құдай басқа бермесін!..
Өздеріңіз ойлаңыздаршы, қыстың көзі қырауда бір-ақ күнде бірнеше туысынан, ең жақын адамдарынан айырылып, зар еңіреп қалғанымен қоса, қарасуықта үй-күйсіз далада шұбырып, босып қалды. Үй-күйсіз, ас-сусыз... Әрқайсысының көзінде - жас, көңілінде - шер... Үйінділердің астында қаншама мыңдаған адамдар жатыр... Жуық 50 жылда жазылмайтын жара, ұмытылмайтын қасірет...
Бір Құдай жәрдемші болсын!..
Сәуле Әбілдаханқызының facebook парақшасынан