24.02.2023, 17:20

«Аяқтан шалғыларың келсе, елге қызмет жасаймын дегендер емес мінберге ұмтылып жатқан оңбаған жемқорларды шалыңдар» - Айгүл Орынбек

фото: baq.kz
Қазіргі елдің жағдайын солардан сұраңдар! Ал “елге қызмет жасаймын, өзгеріс әкелемін” деп қадам жасап жатқан шын ел жанашырларына тиіспеңдер!

Ринат ағама Ақ Жол тілеймін! Аузы батырлар көбейіп кеткен заманда, өзінің өмірімен тәуекел етіп қана қоймай, “халыққа сәл болсада пайдам тисін” деп жүрген Азаматтар саусақпен санарлықтай!

«Ринат сатқын», «Ринат қорқақ», «Ринат деген - екіжүзді” деп жаппай қаралап жатқандар назарына!

Ринат Ағамыз мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті халық үшін пайдалана білді! Еліміздің болашағы үшін қайбір “майданда да” барлық айланы, тың тәсілдерді қолдана білу керек! Ринат ағам бармаса, ол орынға басқа бір “дүбәра” барып жайғасар еді.

Маған неге сайлауға түспедің дейсіңдер? 

Ойланыңыздаршы енді, халықтың “селқос” мынадай кереғар санасымен қалай түсемін?!  Билікке шықсаң бітті! “Сен сатқынсың!”, “Сұмдық, сол жақтың сойылын соғып кеттің”, “Екіжүздісің, жұрт саған сенбейді” деген бос әңгімелер мен жаңсақ ақпараттар таратып, өзіңді былғауға көшеді! 

Өз қаражатыма жарна төлеп, өзімді және жасаған жұмыстарымды айтып, халықтың алдында жарнама жасап, оған қаншама қаражат құртып маған не керек? Айтыңыздаршы, сол маған қажет пе?!

Халықтың мәселесін мінберге шықпай-ақ, “креслоға” отырмай-ақ, ашық көтеріп жүрмін! Соның өзінде, жақсы сөз естіп жатқаным жоқ! Отырсаң опақ, тұрсаң сопақ етіп, проблеманы сырып тастап, өзіңнің жеке басыңмен алысып, “жойып” жібергісі келетіндер көп.   Сонда, БІЗДЕ халықтың мәселесін көтеріп, оны заң аясында шешудің өзі - қауіпті болып тұр ғой?!

Халықтың санасы өзгермей, биліктің басқаруы өзгермейді! Халық елге шын жанашырларды ажырата білуі керек! Халықтың сөзін сөйлегендей болып, өтірік ұраншыл кейіппен жүргендерге сеніп, шын халыққа жанашыр адамдарды көрмей, жоқ қылып жатсыңдар!

Осыдан кейін кім халықтың мәселесін тыңдап, мұң-мұқтажын көтергісі келеді? Орысша сөйлейтін, орысша ойлайтын “орысқұлдарды” - БАТЫР көресіңдер! Олардың артында кімдер тұрғандарында тіпті жұмыстарың да жоқ!

Миллиардтаған ақшаны шетелдегі есеп-шоттарына салып алып, өтірік патриот болып “бетперде” киіп, мүдделі топтың “қол шоқпарлары” болып жүргендерімен жұмыстарың жоқ! Ақ пен қараны ажырата алмайтын қоғам болып кеткен елде, халық мүддесі жоғары болмайды! Өзіңді қазір қолдап тұрған халық, ертең әп сәтте сатып кетеді. Талай оқиға өз басымнан да өтті!

Миы уланған сәләф, зікіршілердің әдемі сөздеріне миларың уланып отыз жыл отырдыңдар!Енді келіп “халыққа бір пайдам тисінші”деп жүрген адамдарды аяқтан шалғанға ұстасыңдар! Өзгеріс жасау керек дейсіңдер, өзгерісті қалай жасаймыз айтыңдаршы? Билікте отырғандар да, оларды даттап отырғанда да бөтен емес, сол қазақтар ғой! Бір-бірімізді қырып тастау арқылы өзгеріс жасау керек пе сонда? Ешкім қолындағы билікті оңай бере салмайды!

Жүректерінде иманы жоқ, беттері былшыйған оңбаған жемқорлар отыз жыл ұйықтап отырғандары аздай, әлі де сол мінберге ұмтылып әлек! Таласып та, тартысып та жатыр!   Аяқтан шаласыңдар ма, соларды шалыңдар, қазіргі елдің жағдайын солардан сұраңдар! Ал “елге қызмет жасаймын, өзгеріс әкелемін” деп қадам жасап жатқан шын ел жанашырларына тиіспеңдер!

Билік Ринат ағама мүмкіндік берді екен, ендеше тек қолдан келгенше қолдаңдар, тілекші болыңдар!

Сол мінберде Қазақтың сөзін сөйлейтін бір Батыр отырсыншы! Елдің болашағы үшін Халықтың санасы өзгерген күні “Аманат” түгілі, Тозаққа да кіруге дайынмын!

Заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан