$ 498.34  519.72  4.85

Марадона алғаш рет есірткіні қанша жасында пайдаланғанын айтып берді

Аргентина ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы әйгілі Диего Марадона өзінің ең алғаш рет есірткі пайдаланған уақытын еске түсірді. Бұл туралы Mediaset порталы жазып отыр.

«Ең алғаш рет есірткіні "Барселонаның" сапында жүргенде пайдаланып көрдім. Ол кезде менің жасым 24-те болатын. Бұл менің өмірімдегі ең үлкен қателік еді. Есірткі - өлім. Бұл туралы айтып отырып өзімді жолы болған адам деп санаймын, өйткені дер кезінде, яғни осыдан 13 жыл бұрын нашақорлықты тастадым", - дейді 56 жастағы Марадона.

Айта кетейік, «Барселона» сапында аргентиналық шабуылшы 1982-1984 жылдар аралығында өнер көрсетті. Мұнан кейін 1991 жылға дейін италиялық «Наполи» клубының намысын қорғаған болатын. Ал, үлкен спорттан Марадона 1997 жылы біржола кетті.

Диего Марадона Аргентина құрамасымен 1986 жылы әлем чемпионы атанған болатын. 2001 жылы ФИФА жүргізген сауалнаманың нәтижесінде ол әйгілі Пеле екеуі бүкіл тарихтағы ең үздік футболшылар болып таңдап алынды. Спортпен қоштасқаннан кейін Марадона есірткі пайдаланып, салдарынан бірнеше рет ауыр халде ауруханаға жеткізілген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары