$ 498.34  519.72  4.85

Роджер Федерер Australian Open турнирін жеңіп алды

Мельбурн қаласында өткен дәстүрлі Australian Open турнирін швейцариялық теннисші Роджер Федерер жеңіп алды. Бұл оның "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі 18-ші жеңісі.

Финалда 35 жастағы швейцарлық теннисші Испания өкілі Рафаэль Надальмен кездесіп, 3-2 есебімен (6:4, 3:6, 6:1, 3:6, 6:3) басым түсті. Матчтың соңғы бесінші сетіне Надаль 3:1 есебімен алда тұрған. Алайда, өз ойын өрнегін таба білген Федерер қатарынан 5 геймде басым түсіп, жеңісті қарсыласынан жұлып алды.

Осылайша, Федерер 18-ші рет "Үлкен дулыға" турнирінің кубогіне ие болып отыр. Ал, Australian Open турнирін ол бесінші рет жеңіп алды (2004, 2006, 2007, 2010, 2017).

"Үлкен дулыға" турнирін Федерер соңғы рет 2012 жылы Уимблдонда ұтқан болатын. Ол кездегі финалда швейцарлық теннисші корт иесі Энди Маррейден басым түскен еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары