01.02.2017, 03:04

Универсиада-2017: Бүгін спортшылар 7 медаль жиынтығын сарапқа салады

ХХVIII қысқы Универсиада ойындарының үшінші күні де келіп жатты. Бүгін барлығы 7 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Назарларыңызға Vesti.kz порталы әзірлеген ойындар кестесін ұсынамыз.

Универсиада ойындарында ең көп билет сатылған спорт түрінің бірі – мәнерлеп сырғанау. Бүгін осы спорт түрінен қыздар арасындағы қысқа бағдарламалар бойынша сайыстар өтеді. Сондай-ақ конькимен жүгіру спорты бойынша ұлттық құрама көшбасшысы Роман Креч жарыс жолына шығады.Спорт түрі: Керлинг. Топтық кезең (Ерлер, әйелдер);Құрамалар: Қазақстан - Норвегия (әйелдер), Қазақстан - Жапония (ерлер), Қазақстан - Ресей (әйелдер);Басталуы: Алғашқы кездесу 09.00-де, екіншісі 14.00 және үшіншісі 19.00-де.Өтетін орны: «Алматы Арена»Спорт түрі: Тау шаңғысы. Комбинация (Супергигант, слалом). Ерлер, әйелдер;Қатысушылар (Қазақстаннан): Мария Григорова, Екатерина Карпова, Мартин Хубер, Сергей Данов, Александр Костров, Алексей Сысоев, Захар КучинБасталуы: 10.00-де ("Хабар")Өтетін орны: «Шымбұлақ»Спорт түрі: Коньки жарысы. Әйелдер (3000 метр), ерлер (500 метр);Қатысушылар: Дарсиль Эссамамбо, Артем Крикунов, Станислав Палкин, Роман Креч, Эльвира Халықова, Мария Сизова, Татьяна КлимчукБасталуы: 11.00-де әйелдер, ерлер 14.05-те (KazSport)Өтетін орны: «Медеу»Спорт түрі: Шаңғы қоссайысы. Ерлер;Қатысушылар: Шыңғыс Ракпаров, Әли Айбек, Расул Гайрбеков, Вячеслав Бочкарев, Элдар Орусаев;Басталуы: Трамплиннен секіру сағат 10 - 11.00 -де, шаңғымен жарыс 15.30-да.Спорт түрі: Мәнерлеп сырғанау. Қысқа бағдарлама. Әйелдер;Қатысушылар: Айза Мамбекова, Жансая Адыханова, Вероника Шевелева;Басталуы: 14.30-да ("Қазақстан")Өтетін орны: «Алматы Арена»Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең. («Хабар»)Басталуы: 12.30 (Ресей - Латвия), 16.00 (Канада-Ұлыбритания), 19.30 (Чехия-Қытай).Өтетін орны: «Халық Арена».Спорт түрі: Шаңғымен трамплиннен секіру. Ерлер, әйелдер.Басталуы: 16.00 (әйелдер), 18.30 (ерлерӨтетін орны: «Сұңқар» шаңғы трамплині кешені.  Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Әйелдер. Топтық кезең.Басталуы: 16.30 (Ұлыбритания - Қытай), 20.00 (Қазақстан-Канада).Өтетін орны: Б.Шолақ атындағы Спорт сарайы.Спорт түрі: Сноуборд. Ерлер, әйелдер.Басталуы: 12.30 (әйелдер), 13.00 (ерлер).Өтетін орны: «Шымбұлақ» тау-шаңғысы шипажайы.Айта кетейік, алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 2 алтын 2 күміс 4 қола медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте екінші орында келеді.