$ 494.87  520.65  4.91

GGG командасының өкілі Арыстанбек Мұхамедиұлының сөзін жоққа шығарды

Күні кеше Үкіметте өткен жиыннан кейін тілшілерге сұхбат берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Головкин-Сондерс жекпе-жегін Қазақстанда өткізуге толықтай дайын екенін айтып мақтанған еді. "Британдық боксшы сөзінен тайқып кетпесе болды, біз дайынбыз" деді министр журналистермен болған әңгіме барысында. Алайда, дәл қазақстандық тараптың дайын болмауы салдарынан бұл жекпе-жек біздің елде, яғни Астанада өтпеуі мүмкін. Бұл туралы Головкин командасының өкілі Жанар Өтешова мәлімдеді деп жазады Sports.kz.

"Бұл жекпе-жектің маңайы әзірге сыбысқа толы, бірақ, кездесудің нақты қашан және қайда өтетіні белгісіз. Ал, үшінші адамдардың жекпе-жек туралы мәлімдеме жасауы – Головкин атын жамылып өзіне жарнама жасау ғана деп білемін. GGG командасы қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ Қазақстан тарапынан ұйымдастыру мәселесі әліге дейін шешілмей отыр", – деп атап өтті Жанар Өтешова.

Демек, Өтешованың сөзіне сүйенсек, кеше ғана Сондерске "біз дайынбыз" деп жауап қатқан Арыстанбек Мұхамедиұлының әрекеті жай өзіне жасалған пиар ғана. Өткенде ғана министр Қытайда сәтті өнер көрсетіп жүрген жас дарын Димаш Құдайбергеннің жетістігі Мәдениет министрлігінің арқасында деп те мақтанғаны естен шыға қойған жоқ.

Айта кетейік, Қазақстан билігі Головкин-Сондерс жекпе-жегін ЭКСПО көрмесі аясында Астанада 17 маусым күні өткізуді жоспарлаған болатын. Бұл кездесуде жерлесіміз жеңіске жетсе орта салмақтағы абсолютті чемпион атанады, яғни чемпиондық белбеулердің барлығын біріктіреді. Сондай-ақ, Головкин 10 миллион доллар көлемінде гонорар алуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары