$ 522.49  547.88  5.06

«Ақтөбе» — «Легияға», ал «Астана» — «Вильяреалға» қарсылас атанды

УЕФА Еуропа лигасында өнер көрсететін қазақстандық клубтар өз қарсыластарын анықтап алды. Бүгін өткен жеребе тарту рәсімі «Ақтөбе» командасына Польшаның Легия командасын қарсылас етті. Ал, елордалық «Астанаға» Испания елінің ортаңқол командасының бірі «Вильяреал» түсті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Негізі польшалық команда чемпиондар лигасында ойнауы тиіс еді. Бірақ, Селтикке қарсы өткен ойында олардың құрамында ойыннан шеттетілген бір футболшы алаңға шығып қойған. Осыған байланысты «Легия» Еуропа лигасына түсірілді.

Осыдан бірнеше маусым бұрын еурокубоктік жарыстардың плэй-офф сатысында ойнаған «сүңгуір қайықты» (Вильяреал) команда «Астана» үшін азулы қарсылас болғалы тұр. Себебі. Испандық клуб 2004/2005 жылдары Испания чемпионатының қола жүлдегері, ал, 2007/2008 жылдары вице-чемпионы атанған. Ал, былтырғы маусымда бесінші орынға жайғасты. Қос қазақстандық команда алғашқы ойындарын өз алаңдарында бастайды. Матчтар 21 тамыз күні өтетін болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары