$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда қазан айында «Алматы Туры — 2014» додасы өтеді

Алдағы 5 қазанда Алматыда тас жолдағы велоспорттан «Алматы Туры-2014» әлемдік деңгейдегі кәсіби біркүндік жарысы өтеді. Еуропа, Азия мен АҚШ велошабандоздары Алматы тас жолында өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Алматы Туры 2014» ұйымдастыру комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) былтыр өткен алғашқы жарыстың ұйымдастырылу деңгейіне жоғарғы бағасын беріп, «Алматы Турының» санатын 1.1 деңгейіне көтерген болатын. Бұл дегеніңіз UCI ережесіне сай жарысқа жоғарғы дивизионда өнер көрсететін кәсіби командалар да қатысып, бағын сынай алады. 

— Әлемдік деңгейдегі «Katusha», «Sky», «TrekFactory», «Movistar», «OmegaPharma — Quick-Step» сынды мықты командалармен және өткен жылғы жарыс қатысушылары «BardianeValvole», «CCCPolsat», «TeamLaPommeMarseille» велоұжымдарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр, — деді «Қазақстанның спорттық технологиялары» компаниясының директоры Арнұр Ибраев.

Биыл спортшылар әр қайсысы 31 шақырымнан тұратын алты айналмалы жолды жүріп өтуі тиіс. Яғни, Алматы шаһарында өтетін критериум жарысының жалпы қашықтығы 186 шақырымды құрайды.

«Алматы Турын» «Eurosport» пен отандық «Kazsport» және «Алматы» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп күтілуде. Әзірге трансляция жасау мәселе шешілуге жақын.

Сондай ақ Сергей Курдюковтың Алматыдағы іссапары барысында оның қазақстандық комментаторлармен тәжірибе бөлісу жөнінде де келісімдер жүруде.

Біз «Алматы Турының» Қазақстаннның абыройын паш ететін жоба ретінде ғана емес, веложарыстың телетүсірілімдерден бастап, халықаралық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастурыға дейінгі сатыда тәжірибе алмасатын бірден-бір құрал ретінде де қарастырғымыз келеді, — деді А. Ибраев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары