$ 498.34  519.72  4.85

«Ақүрпеков лайық»: Бақтияр Артаев алғашқы жаттықтырушысын бас бапкерлікке ұсынды

Ол Артаевты 11 жасынан бастап боксқа баулып, жеке жаттықтырушысы да болды. 

коллаж sn.kz
коллаж sn.kz

Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев алғашқы жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпековті бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне ұсынды. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

14 тамызда бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметінен босатылған еді. 

"Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне дәл қазіргі кезде Нұрлан Ақүрпеков лайық", - деп жазды Бақтияр Артаев Instagram-дағы парақшасында. 

Айта кетейік, Нұрлан Ақүрпеков – Бақтияр Артаевтың алғашқы бапкері. Ол Артаевты 11 жасынан бастап боксқа баулып, жеке жаттықтырушысы да болды. 

Сондай-ақ бапкер Олжас Сәттібаев, Ғани Жайлауов, Әбілхан Аманқұл және т.б танымал боксшыларды жаттықтырған. Франция астанасы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан ерлер құрамасынан 7 боксшы қатысты. Оның ішінде тек Нұрбек Оралбай финалға өтіп, күміс жүлде еншіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары