$ 478.96  533.03  5.22

Паралимпиаданың күміс жүлдегері Нұрдәулет Жұмағалиға бағалы сыйлықтар табысталды (ВИДЕО)

Жеке жаттықтырушысы Саттар Бейсембаевқа да ілтипат көрсетілді.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

XVII жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстаның еңбек сіңірген спорт шебері Нұрдәулет Жұмағалиға Жамбыл облысының жұртшылығы сый-құрметін көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық әкімдіктің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, параспортшыны жақындары мен жанкүйерлері "Әулие-Ата" халықаралық әуежайынан құшақ-құшақ гүл шоқтарымен күтіп алып, жылы лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ "Тараз-Арена" спорт кешенінде салтанатты шара ұйымдастырылып, оған Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты. Өңір басшысы жүзу шеберіне жамбылдықтардың атынан алғыс білдіріп, екі бөлмелі пәтер мен көліктің кілтін табыстады.

"Нұрдәулет Жұмағалиға жазғы Паралимпиада ойындарындағы жоғары көрсеткіші үшін демеушілердің тарапынан 2 бөлмелі пәтер мен Toyota Camry 75 автокөлігінің кілті табысталды. Жеке жаттықтырушысы Саттар Бейсембаевқа да ілтипат көрсетіліп, Haval M6 автокөлігінің кілті берілді", - делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары