$ 478.93  534.96  5.16

Бибісара Асаубаева бастаған қазақстандық шахматшылар Олимпиадада көш бастап келеді

Ал ерлер бәсекесінде жігіттеріміз Бангладеш құрамасын 3:1 есебімен ұтты. 

The village kz
The village kz

Будапеште өтіп жатқан шахмат Олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан Олимпиадада қазақстандық шахматшылар 8-турда Франция құрамасымен кездесіп, 2,5:1,5 есебімен басым түсті.

Бұл кездесуде Қазақстан құрамасының сапынан Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрман жеңіске жетті. Әмина Қайырбекова қарсыласымен тең түссе, Меруерт Камалиденова есе жіберіп қойды. Келесі турда қазақстандық шахматшылар турнирдің фавориттерінің бірі Польша құрамасымен кездеседі.

Қазіргі уақытта жалпыкомандалық есепте үш команда көш бастап келеді және олардың ұпай саны да тең. Қазақстан құрамасы тек қосымша көрсеткіштер бойынша турнир кестесінде Польша мен Үндістаннан төмен орналасқан.

Шахмат Олимпиадасының әйелдер сайысындағы турнир кестесі:

Польша – 14 ұпай;

Үндістан – 14 ұпай;

Қазақстан – 14 ұпай;

АҚШ – 13 ұпай;

Армения – 13 ұпай.

Ал ерлер бәсекесінде жігіттеріміз Бангладеш құрамасын 3:1 есебімен ұтты. Қазыбек Нөгербек пен Әлішер Сүлейменов жеңіске жетсе, Денис Махнев пен Алдияр Аңсат тең түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары