21.10.2024, 11:20

Асу Алмабаевтың UFC-дегі рейтингі шарықтап кетті

Фото: prosports.kz

Жекпе-жек алдына Асу ең жеңіл салмақтағы файтерлер арасында 14-ші орында, ал оның бразилиялық қарсыласы 7-ші орында тұрған болатын.

Қазақстандық жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-2) Лас-вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 245 турнирінде бразиялиялық Матеус Николауды (19-5-1) жеңген соң рейтингі күрт өсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жек алдына Асу ең жеңіл салмақтағы файтерлер арасында 14-ші орында, ал оның бразилиялық қарсыласы 7-ші орында тұрған болатын. Бүгінгі жеңісінің арқасында Асу бразиялиялықты кейінге ысырып, 7-ші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC алаңында 4 кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті (біреуін уақытынан бұрын жеңіп, үшеуін төрешілер шешімімен). Бразилиялық Николаумен жекпе-жегінен соң ол Дана Уайттан тағы бір титул үшін жекпе-жек ұйымдастыруды сұрады.