$ 494.87  520.65  4.91

Елена Рыбакина 3 ай үзілістен кейін беделді турнирде бақ сынамақ

Бұл Рыбакина үшін тамыз айынан бері қатысатын алғашқы турнир болмақ.

Фото: Robert Prange/Getty Images
Фото: Robert Prange/Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина үш айлық үзілістен кейін Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін халықаралық турнирге дайындыққа кірісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Eurosport телеарнасы қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Сауд Арабиясындағы халықаралық турнирге дайындыққа кірісуіне байланысты тосын пікір білдірді.

"Кім оралды десеңізші! Елена Рыбакина WTA-дің финалдық турниріне қатысу үшін Эр-Риядтағы жаттығу кортына қайта оралды", - деп жазды Eurosport телеарнасы Х желісіндегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, WTA-дің Сауд Арабиясындағы финалдық турнирі 2 қарашада басталады. Бұл Рыбакина үшін тамыз айынан бері қатысатын алғашқы турнир болмақ. Әлемнің бесінші ракеткасы соңғы рет АҚШ ашық чемпионатында бақ сынап, алғашқы айналымнан кейін жарыстан шығып қалған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары