$ 492.17  522.39  5

«Орысша – Приветович»: Черчесов тағы да шулатты (ВИДЕО)

Сол кезде журналистердің бірі бас бапкердің әкесінің атын Саламович емес, "Салманович" деп қате айтқан.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов әкесінің атын қате айтқан журналиске әзілмен жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кеше, 13 қарашада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойын алды баспасөз мәслихаты өтті. Сол кезде журналистердің бірі бас бапкердің әкесінің атын Саламович емес, "Салманович" деп қате айтқан.

"Мен де ренжи аламын. Әкемнің атын қате айтып жатыр. Бірақ ештеңе етпейді, біз өкпешіл емеспіз, бұған үйреніп алғанбыз. Мен Саламовичпін. Орысша – Приветович", - деп әзілдеді Черчесов.

Айта кетейік, Станислав Черчесов биыл маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында төрт ойын өткізіп, үш мәрте жеңілсе, бір рет қарсыласпен тең түсті. Ал бүгін, 14 қарашада Черчесов шәкірттері Алматыда Аустрия командасына қарсы қарымта ойын өткізеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары