Ол шығармашылық пен спортты үйлестіре отырып, өз елінің атын түрлі салада асқақтатып жүр.
Алматыда өткен Nomad Fighting 11 турнирінде қазақстандық спортшы әрі актер Еркебұлан Тоқтар кезекті жарқын жеңісіне қол жеткізді. Жеңіл салмақта өткен жекпе-жекке оның қарсыласы ресейлік Фарид Ядуллаев болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек небәрі 47 секундта аяқталды. Тоқтар қарсыласын ауыр соққымен нокаутқа жіберді.
Айта кетейік, ол аралас жекпе-жек (ММА) бойынша кәсіби мансабында 9 мәрте жеңіске жетіп, 3 рет жеңіліске ұшыраған. Соңғы кездесуін Еркебұлан 2023 жылдың қараша айында өткізіп, египеттік Хайсам Эль-Саедті де бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
Спорттан бөлек, Еркебұлан Тоқтар – кәсіби актер. Ол шығармашылық пен спортты үйлестіре отырып, өз елінің атын түрлі салада асқақтатып жүр.
Nomad Fighting 11 турниріндегі Еркебұланның жеңісі оның жанкүйерлеріне үлкен қуаныш сыйлады.