$ 523.17  550.06  4.93

Бейбарыс Жексен Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде өзбек боксшысын жеңді

Ол 60 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Бейбарыс Жексен Таиландтағы Азия чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бейбарыс Жексен 1/8 финалда өзбек боксшысы Дильшод Абдумурадовпен жұдырықтасты. 60 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Бейбарыс төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осыған дейін Дулат Бекбауов (67 кг) тайпейлік Джиа-Джун Чиуан Вангтан басым түсіп, ширек финалға шыққан еді. Сондай-ақ Оразбек Асылқұлов алғашқы жекпе-жегінде малайзиялық Зулхайлан Мохамадты екінші раундта техникалық нокаутпен ұтып, келесі айналымға жолдама алды.

Еске салайық, Қазақстан ерлер құрамасы боксшыларының Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластары белгілі болған еді. Сондай-ақ әйелдер командасы спортшылары да бірінші жекпе-жегін кіммен өткізетіні анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары