$ 505.15  550.31  5.89

UFC Шавкат Рахмонов туралы фильм түсірді

Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсанда Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) UFC 310 турнирінде өтеді.

Фото: Sean M. Haffey/Getty Images
Фото: Sean M. Haffey/Getty Images

UFC-дің YouTube арнасында қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) пен ирландиялық Иэн Гэрри (15-0) арасында өтетін жекпе-жекке арналған фильм жарық көрді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бейнежазбада екі спортшының жаттығуы мен жекпе-жек алдындағы пікірі көрсетілген.

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсанда Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) UFC 310 турнирінде өтеді. Бастапқыда Рахмонов UFC жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуі үшін америкалық Белал Мұхаммедпен (24-3) кездесуі керек еді. Алайда Мұхаммед денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Енді Рахмонов Гэрриді жеңген жағдайда, Мұхаммедпен титулдық кездесу өткізе алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары