$ 489.15  533.47  5.64

Қазақстандық хоккейші шайбаны тісімен қағып алып, жұртты таңқалдырды (ВИДЕО)

Осы сәттің видеосы Telegram-дағы "Головой об лед" арнасында жарияланды.

Фото: Видеодан алынған кадр / t.me/GolovoiObLed
Фото: Видеодан алынған кадр / t.me/GolovoiObLed

Теміртаулық "Қармет" жастар хоккей клубының 18 жастағы қақпашысы Алексей Зюзин шайбаны тісімен қағып алып, көпшілікті таңқалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Хоккейден Қазақстан жастар лигасының тұрақты чемпионаты аясында "Қармет" клубы "Ақтөбемен" ойнап, 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Бұл ойында "Қармет" қақпашысы Алексей Зюзин ерекше сейв жасады. Ол қақпаға бағытталған шайбаны тісімен қағып алған. Осы сәттің видеосы Telegram-дағы "Головой об лед" арнасында жарияланды.

Арна авторының жазуынша, бұл әрекетінен кейін ойыншы ешқандай жарақат алып қалмаған. Қазір хоккейден Қазақстан жастар лигасының турнир кестесінде "Қармет" 27 ұпаймен 7-орында, ал "Ақтөбе" 38 ұпаймен 2-орында тұр. Енді 4-5 желтоқсанда теміртаулық команда рудныйлық "Горнякпен" кездеседі. Сол күндері "Ақтөбе" елордалық "Астанаға" қарсы ойнайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары