$ 522.49  547.88  5.06

«Өзбек боксшысы тістеп алған»: Абылайхан Жүсіповке Азия чемпионы атағы бір күн кешігіп жетті (ВИДЕО)

Бұл туралы бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстан бокс федерациясы IBA және ASBC ұйымдарына наразылық хат жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан бокс федерациясы 11 желтоқсан күні Чианг Мэйде (Таиланд) өткен Азия чемпионатының ерлер арасында 71 келі салмақ дәрежесіндегі финал бойынша IBA және ASBC ұйымдарына наразылық хат жолдады.

Ресми хабарламада Абылайхан Жүсіпов пен Хавасбек Асадуллаев жекпе жегінде өзбекстандық боксшы тарапынан спорттық ереже өрескел түрде бұзылғаны айтылады. Шаршы алаңдағы төреші Джована Угренович (Сербия) бұл сәтте ешқандай ескерту жасамағаны да сөз етіледі. Ал, Қазақстан тарапында ереже бұзылуына дәлел ретінде фото және видео материалдар да бар.

— Нәтижесінде IBA және ASBC ұйымдары осы салмақтағы ақтық сынды қайта қарастырып, келесі шешімге келді. 71 келіде Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды, ал өзбекстандық боксшы белгілі мерзімге жарыстардан шеттетіледі, — делінген хабарламада.

Абылайхан чемпион атанды. Оны тістеп алған өзбек боксшысы спорттан уақытша шеттетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары