$ 522.49  547.88  5.06

Қазақстандық дзюдошы Спорт министрлігіне қарсы сотта жеңіске жетті

Ережеге сәйкес, әрбір алған орыны үшін, халықаралық жарыстардың әрбір чемпионы мен жүлдегеріне, жеке спорт түрлері бойынша ұлттық құрама мүшелеріне 100 пайыз ақшалай ынталандыру төленеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстандық дзюдошы Спорт министрлігіне қарсы сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы 2024 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында хабарланды.

Атырау қаласының тұрғыны, спорт шебері Туризм және спорт министрлігіне 2021 жылы дзюдодан Лиссабон қаласында (Португалия), 2023 жылы Астана қаласында өткен самбодан Азия және Океания чемпионатында, Оралда самбодан шеберлер арасында әлем чемпионатында, Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан әлем чемпионатында жүлделі орындарды жеңіп алғаны үшін көтермелеу төлемі туралы өтініш білдірген.

Ол Министрліктің бас тартуына спорт ардагерлеріне төлемді көздемейтін уәкілетті органның Ережелеріне сілтеме жасап шағымданды.

МАӘС істі зерттей келе, мынаны атап өтті:

Ережеге сәйкес, әрбір алған орыны үшін, халықаралық жарыстардың әрбір чемпионы мен жүлдегеріне, жеке спорт түрлері бойынша ұлттық құрама мүшелеріне 100 пайыз ақшалай ынталандыру төленеді.

Ал халықаралық жарыстардың жеңімпаздары – спорт ардагерлеріне көтермелеу төлеуге тікелей тыйымдар жоқ.

Талап қоюшы Қазақстан Республикасының атынан шығып, басқа елдердің спортшыларымен бірге жарысқа қатысып, қатысушы-елдердің жалпы медальдық есебінде есепке алынған жүлделі орындарға ие болған.

Мысалы, Оралда самбодан өткен әлем чемпионатына әлемнің 20-дан астам елінен 550-ден астам спортшы қатысқан.

Министрлік сенім білдіру құқығын қорғау қағидатын бұзған (ӘРПК-нің 13-бабы), бұл әкімшілік органның заңсыз әрекеттерінен әкімшілік рәсімге қатысушы үшін ауыр зардаптарға жол берілмейтіндігін көрсетеді.

Осыған байланысты спорт шеберінің талап қоюы қанағаттандырылды: сот Министрлікті әлем чемпионатында жүлде алғаны үшін ақшалай ынталандыру төлеуге міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары