$ 515.25  535.91  5.18

Ақжол Құрманбек ауыр атлетикадан әлем рекордын жаңартты

Ол серпе көтеруде және жалпы нәтиже бойынша қарсыластарына мүмкіндік қалдырмады.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Ақжол Құрманбек Қатардың Доха қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оған 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тең келер қарсылас болмады. Екі сайыстың жалпы қорытындысы бойынша Ақжол 316 (141+175) келі салмақты көтерді. Айта кету керек, ол серпе көтеруде және жалпы нәтиже бойынша әлем рекордын жаңартты.

Екінші орынды өзбекстандық Бобурмирзо Ёкубов иеленді – 300 (136+164) келі. Ал үшінші орын Түрікменстан спортшысы Дидарбек Жұмабаевқа бұйырды – 298 (127+171) келі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары